BasNewsЖаңалықтар

Оралда тергеу изольяторы қызметкерлері ұрып-соғу, азаптау бойынша күдікке ілінді

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі аталған өңір бойынша ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінің қызметкерлері жанжал шығарғаны үшін жазалау мақсатында бірқатар сотталғандар мен қамаудағыларға дене жарақатын салғанын жеткізді. Оқыс жайттар 2021 жылдың наурыз айында тіркелді, деп хабарлайды Basnews.kz

Бұл іс-әрекеттер адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына қайшы келеді. Тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылықтың орын алғанын нақтылауға негіз болатын жеткілікті мәліметтер жиналды, деп «Мой город» порталы прокурорлар өкілінің сөзін келтіреді.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 146-бабы, яғни «Азаптау»бойынша айып тағылды.

Қылмыстық іс Орал қалалық сотында қаралып жатыр. Екі сотталушыға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, қалғандарына қатысты келіп, көрініп тұру түрінде міндеттеме таңдалды.

Back to top button