BasNewsЖаңалықтар

Алматыда тергеу изоляторында генерал-майор Жайлаубек Халықұлы өлі табылды

Тергеу амалдары мақсатында ұсталған Жайлаубек Халықұлын шамамен сағат 7:00-де мекеменің кезекші қызметкері байқаған. Ол оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда одан нәтиже болмады, деп хабарлайды Basnews.kz

Алғашқы медициналық көмек бригадасы өлімді тіркеп, оны механикалық асфиксия салдарынан болған деген қорытынды шығарды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізілді. Тексеру нәтижесінде оған қатысты орын алуы ықтимал заңсыз іс-әрекет фактілері анықталған жоқ, – деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта облыстық департаменттің қызметкерлерін тарту арқылы қызметтік тексеру тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Айта кетсек, Халықұлы 23 мамырда ұсталды. Ол қылмыстық істі жабу үшін белгілі бір азаматтан алдап-арбау арқылы ақша мен мүлік иеленді деген күдікке ілінді.

Бұрын Халықұлы Алматы және Ақмола облыстары ІІД-нің бастығы болған.

Back to top button
Close