BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандағы АҚШ елшісі жаңадан тағайындалды

Елші лауазымына Дэниэл Розенблюм ие болды, деп хабарлайды Basnews.kz

АҚШ Сенаты Қазақстандағы елші лауазымына Дэниэл Розенблюмның кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.

2019 жылдан бастап Дэниэл Розенблюм АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болып қызмет атқарған.

2021 жылдың қазан айынан бастап Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктің басшысы міндетін Джуди Куо уақытша атқарып келді. Ол елдегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Уильям Мозердің жұмысын уақытша орындау міндетін өз жауапкершілігіне алды.

Back to top button