BasNewsЖаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азияның ең үздік шахматшысы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлайды Basnews.kz

Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, жуырда Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) марапаттау рәсімі өтті. XV-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд Бибісара Асаубаеваға «Әйелдер арасындағы Азияның 2021 жылғы ең үздік шахматшысы» марапатын табыс етті.

Back to top button