BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Қазіргі таңда есепте тұрған 1 млн астам салық төлеушілер бар

Салық органдары жұмыстарының басты бағыттары, ол салық төлеушілермен, салық міндеттемелерінің уақтылы орындалуын, салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы жөнінде түсіндірмелер беру, салық берешегін өндіру және жалпы бақылау жасау болып табылады.

Шымкент қаласында, бүгінгі күнге есепте тұрған 1 236 263 салық төлеушілер бар. Оның ішінде,

  • 27 913 заңды тұлға;
  • 67 750 жеке кәсіпкер (488 адвокат, 360 нотариус, 186 жеке сот орындаушылар т.б.);
  • 1 140 600 жеке тұлғалар.

 

2022 жылға мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері бойынша бекітілген жоспар 328,7 млрд.теңге, күтілетін сома 354 млрд.теңге немесе жоспар 122% орындалады деп болжануда. Оның ішінде барлық деңгейдегі бюджеттердің жоспары 100% орындалып, өсу қарқыны қамтамасыз етіледі:

  • Республикалық бюджет бойынша күтілетін түсім 144 млрд.теңге, өсу қарқыны 124% құрап, түсімдер 28 млрд.теңгеге артады деп күтілуде;
  • Жергілікті бюджет бойынша күтілетін түсім 210 млрд.теңге өсу қарқыны 143% құрап, түсімдер 63 млрд.теңгеге артады деп күтілуде;

 

2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 123,9 млрд.теңге болса, нақты түскені 148,3 млрд.теңге немесе жоспар 24 млрд. 448 млн.теңгеге артығымен қамтамасыз етіліп, орындалуы 120% құрады. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджет – 102% орындалды, немесе межеленген жоспардан 1 млрд. 74 млн.тг. артық қамтамасыз етілді (жоспар 55,7 млрд.тг., нақты түсім 56,8 млрд.тг);
  • Жергілікті бюджет – 134% орындалды немесе межеленген жоспардан 23 млрд. 374 млн.тг артық қамтамасыз етілді (жоспар 68,1 млрд.тг., нақты түсім 91,5 млрд.тг).

 

Түсімдердің өсу қарқынына қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2022 жылдың 5 айында мемлекеттік бюджет түсімдері 36 млрд. 917 млн.теңгеге немесе 33% артты. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджет бойынша 25% немесе 11,2 млрд.тг. артты;
  • Жергілікті бюджет бойынша түсімдер 39% немесе 25,7 млрд.тг. артты.

 

Сонымен қатар, түсімдердің өсу қарқынын өткен жылдармен салыстыратын болсақ, 2019 жылы мемлекеттік бюджетке 196,5 млрд.теңге түскен. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджет – 98,7 млрд.теңге;
  • Жергілікті бюджет – 97,8 млрд.теңге.

Ал, 2020 жылы мемлекеттік бюджетке 241,4 млрд.теңге түскен.

Оның ішінде:

  • Республикалық бюджет – 96,1 млрд.теңге;
  • Жергілікті бюджет – 145,3 млрд.теңге.

Өз кезегінде, 2021 жылы мемлекеттік бюджетке 291,3 млрд.теңге түскен. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджет – 116,8 млрд.теңге;
  • Жергілікті бюджет – 174,5 млрд.теңге.

 

2022 жылдың 5 айында 148,3 млрд.теңге түсіп, түсімдер (жыл қортындысы 354 млрд.теңге) көлемі өткен жылға қарағанда 2 есеге көбейген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button