BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Әлеуметтік жағдайы төмен 2 мыңға жуық бала тегін жүзуге үйретілді

Шымкентте әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен 10 меморандум бекіткені жөнінде Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Нұржан Қаракөзев  баспасөз брифингінде мәлімдеген.  Ал, 2021 жылы 10 меморандум жасалып, меморандумдарға сәйкес 500 бала шомылуға тегін үйретілген.

Жазғы демалыс кезінде судағы қайғылы жағдайларға жол бермеу мақсатында білім басқармасына қарасты мектептерде «Судағы қауіпсіздік» және «Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету» тақырыптарында 24 интерактивті сабақ өткізілді. Өткізілген интерактивті сабаққа 130 мектептің 27584 оқушысы қамтылды.

Шымкент қаласының аумағында 2022 жылғы суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша бірлескен патрульдеу мен рейд жүргізудің іс-шаралар жоспары Шымкент қаласының Полиция департаменті, ҚР Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімі, Білім басқармасы, «Jas Otan» жастар қанаты, «Жастар» ресурстық орталығы басшыларымен бекітіліп, бірлескен үгіт-насихат, патрульдеу және рейдтік іс-шаралары жүргізілуде. Бұл іс-шаралар демалдыс және мереке күндері күшейтілген түрде өтеді.

Суға шомылу маусымында Департаменттің 55 құтқарушысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ағымдағы жылы су айдындарында елімізде 33 адам суға кеткен, оның ішінде 7 бала.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Департамент шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 30 билборд пен стенд, 30 тыйым салуға арналған тақтайшаларды әзірлеп, қала аумағында орнатты.

2022 жылы шомылу маусымы кезеңінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, келесі іс-шаралар жоспарланды:

– жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды көбейтіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту;

– мектеп оқушыларының жазғы демалысқа шығуына байланысты, «Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы мектептер мен балабақшалардың «ата-аналар» топтарына жаднамалар мен бейнероликтер орналастыру жұмыстарын жүргізу;

– қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға волонтерлік ұйымдарды жұмылдыру.

 

Back to top button