Шымкент

Шымкентте 700-ден аса зейнеткерге санаторлық-емдеу курорттарына жолдама берілді

Шымкентте 700-ден аса зейнеткерге санаторлық-емдеу курорттарына жолдама берілді.

Қалалық маслихаттың шешіміне сәйкес, биылғы жылы зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі, Арыс) курорттарымен келісім шарттар түзіліп, қазіргі уақытқа дейін сегіз мыңнан аса өтініш қабылданып, 736 зейнеткерге санаторлық-емдеу курорттарына жолдама берілді.

Бүгінде Шымкентте 84 034 зейнеткер тұрады. Оның ішінде ҰОС ардагерлері – 7, тыл еңбеккерлері – 2 514 . Ал, көп балалы аналар саны – 55 814, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 224.

2022 жылы жоғарыда аталған азаматтарға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетіледі.

Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/369-6с шешімі негізінде 2022 жылдың 1 маусымына:

– 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай 10 778 көпбалалы аналарға               (15 315 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;

– 21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) 172 қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына (15 315 теңгеден)  әлеуметтік көмек төленді;

– Наурыз мерекесіне орай 776 жетім балаларға (61 260 теңгеден)                           әлеуметтік көмек төленді;

– Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК-тен 4 отбасыға (1 225 200 теңгеден)  әлеуметтік көмек төленді;

– «7 мамыр – Отан қорғаушы күніне» орай: Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, Семей полигонынан зардап шеккен 2 007 азаматқа (110 268 теңгеден)  әлеуметтік көмек төленді;

– 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы 360 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмек төленді;

– 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай 2 538 тыл еңбеккерлерге        (36 756 теңгеден)  әлеуметтік көмектер төленді;

– Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 126 адамға 12 АЕК-тен (36 756 теңгеден)  төленді;

– Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған 3 азаматқа – 23 АЕК-тен                      (70 449 теңгеден)  төленді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5 азаматқа –  23 АЕК-тен (70 449 теңгеден)  төленді.

31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандары күніне орай 1 199 адамға 5 АЕК тен

(15 315 тенгеден)   әлеуметтік көмектер төленді.

1 маусым балалар күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына            6 185 балаға 5 АЕК тен (15 315 тенгеден)   әлеуметтік көмектер төленді.

– 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға ай сайын 125 адамға 2 АЕК-тен          (6126 теңгеден) 756 мың теңге әлеуметтік көмектер төленуде

– В-20 ауруы бар ай сайын 119 адамға 24 АЕК-тен (73512 теңгеден);

– Туберкулез ауруы бар ай сайын 275 адамға 5 АЕК-тен (15315 теңгеден)                  көмектер төленуде.

Back to top button