BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Кәсіпорындарда ұжымдық шарттың орындалу деңгейі 98,3% құрады

2022 жылы Шымкент қаласы бойынша 1 681 ұжымдық шарт Басқармадан мониторингтен өткізілді. 

Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында) орындалу көрсеткіші 86,5% бекітілген болса, орындалу деңгейі– 98,3% құрады.

Қабылданған ұжымдық шарттардың 558 – мемлекеттік мекемелер,
1 126 – жеке кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ұжымдық шарттың түзілу көрсеткіші: ірі – 62 (жалпы 65) немесе 95,4%, орта – 162 (жалпы 162) немесе 100%, шағын – 331 (жалпы 331) немесе 100%.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде: ірі – 70 (жалпы 75) немесе 93,3%, орта – 166 (жалпы 166) немесе 100%, шағын – 890 (барлығы 3049) немесе 27,8%.

Қаламызда 24 296 заңды тұлға тіркелген болса, оның 3 848 белсенді жұмыс атқаруда. Белсенді жұмыс атқаратын заңды тұлғаларға шаққанда түзілген ұжымдық шарттың деңгейі 43,69%.

2022 жылға Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шартын енгізу межесі  3 898 мекеме мен кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шартын енгізілу белгіленген. Бүгінгі   таңға тиісті жұмыстар атқару барысында барлық   кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек  шарттарының  электронды  нысанда  жасалуы тұрақты бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 1829 кәсіпорында  37 0000 еңбек шарттары арнайы жүйеге енгізіліп, бекітілген жоспардың орындалуы 59% құрады.

Айта кетейік, бжұмысына қатысты бұхаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сыни материалдар жарияланбаған, күнделікті ақпараттық жарияланымдарға зерделеу жұмыстары жүргізілуде, қандайда бір сыни материалдар пайда болғанда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Ағымдағы жылы, басқарма тарапынан  3 брифинг, 4 рет БАҚ-та арнайы сұхбаттар берілді, 68 әлеуметтік желідегі ресми парақшаларға арнайы материалдар орналастырылды, сондай-ақ, еңбек заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі тақырыптарында қаладағы 25 мекеме мен ұйымдарда ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізіліп, Басқарманың әлеуметтік желілердегі «Facebook», «Instagram» парақшаларында 4 тікелей эфирге шығып жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің міндеттері мен құқықтарының сақталуына түсіндіріліп, 1 рет «ANTIKOR LIVE» тікелей эфирінде сұхбат беріліп, 1рет «ADAL KOMEK» жобасы аясында қоғамдық кеңес жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерімен қабылдау өткізілді.

Back to top button