BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 20 жоба жүзеге асырылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларының аудан аумағында іске асырылу барысы төңірегінде Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 20 жоба іске асырылды. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкеманов баспасөз брифингінде айтты.

– Биыл Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 20 жоба іске асырылды. Нақтырақ айтқанда көгалдандыру, тротураларды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу, жарықтандыру, бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын орындарды жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу. Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады. Ал 2023 жылы 25 жобаны жүзеге асыру жопарланып отыр, – деді аудан әкімі.

Қаратау ауданының аумағы 32 256 гектар, халық саны 266 мыңнан астам. Аудан аумағында 24 елді мекен, жалпы көшелер саны – 1272, демалыс орындарының саны – 7.

Биыл Қаратау ауданына 40 млрд. теңгені құрайтын инвестиция тарту тапсырылған. Аудан аумағында құрылыстарға мониторинг жүргізіліп, осы жылы құрылыс аяқталатын 126 жоба анықталды. Оның жалпы суммасы 45,9 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі таңда, Қаратау ауданы  бойынша жеке кәсіпкерлер есебінен салынып жатқан 15 жоба аяқталып, 18 млрд. теңгенің есебі Шымкент қаласы Статистика департаментіне тапсырылып, аталған көрсеткіш 45% орындалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, ауданда ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 20, кестемен қамтылғаны – 3, тасымалды – 1. Қаратау ауданы аумағында 2021 жылы 4 елді мекен Асар-2 ш/а, Достық ш/а, Тассай т/а, Тұран ш/а ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда, аудан аумағындағы 2 елді мекен Қайнарбұлақ т/а, Асар-2 құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған елді мекендердегі ауыз су құрылысының жұмысы 2023 жылға өтпелі. 2023 жылдың соңына қарай аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100 % қамтылатын болады.

Back to top button