BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Еңбекші ауданында халықтың 94,5 % ауыз сумен қамтылған

Еңбекші аудан аумағындағы 19 шағынаудан мен 16 тұрғын алаптың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтқанда: электр жарығымен 96,5%,  ауыз сумен 94,5%, табиғи газбен 90,7%,  кәріз жүйесімен 57% ға қамтылған.

Еңбекші аудандағы жалпы абонент саны – 66 283. Ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5 %. Қалаға қосылған 6 елді мекеннің (3,4%) жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді. Атап айтқанда: Қарабастау-1590 аб., Жұлдыз-484 аб., Қаратөбе-144 аб., Тоғыс-61 аб., Жыланбұзған-16 аб., Айнатас-17 аб.  Жалпы 2312 абонент. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Жоба құны – 1,7 млрд.тг.

Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында – 340 учаске (3 үй), Оңтүстік-Жаңақұрылыста – 989 учаскеге (15 үй) жобалау сметалық құжат 2023 жылы әзірленеді.

Жаз мезгілінде тұрғындар суды шамадан тыс пайдалануына байланысты (бау-бақша, көлік жуу т.б) Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз су тапшылығы орын алуда. Аталған елді-мекендерде ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында Базарқақпа және Тоғыс тұрғын алаптарынан қосымша ұңғыма қазу жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і бастады. Ауыз су құрылысы 2023 жылға өтпелі болғандықтан, Қарабастау, Жұлдыз тұрғын алаптарының жаңақұрылыс аймақтарында құрылыс жұмыстары келесі жылға жоспарланған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен нақтыланып, бекітілді.

Ауданда көптеген өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер шоғырланған.

Атап айтсақ, Еңбекші ауданында 2 индустриалды аймақ (Оңтүстік және Ордабасы) және 1 арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ Оңтүстік) орналасқан. Сонымен қатар аудан аумағындағы 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Аудан 19 шағынаудандардан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 16 тұрғын алаптан тұрады. Еңбекші ауданында 611 көшелер мен өткелдер,  1 парк 2 сквер, 651 көпқабатты тұрғын үйлер мен 32306 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Сонымен қатар, аудан аумағында 43 мектеп, 24 мемлекеттік, 67 жеке меншік балабақшалар, 9 жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары, 44 денсаулық сақтау мекемелері, 11 кітапханалар, 9 спорт мекемелері орналасқан.

Back to top button