BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Тұрмыстық жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен 10 меморандум бекітілді

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2022 жылға балаларды, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін оқыту, шомылу орындарында жүзу бойынша бассейн иелерімен 10 меморандум бекітілді. Қазіргі уақытта Меморандумға сәйкес 1776 бала үйретілді.

2021 жылы 10 меморандум жасалып, меморандумдарға сәйкес 500 бала шомылуға тегін үйретілді.

2022 жылдың шомылу маусымы еліміздің барлық өңірлерінде ресми түрде 1 маусымда басталды. Еліміздің оңтүстік өңірлерінің климаттық ерекшеліктеріне сәйкес, Департамент судағы ТЖ алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды сәуір айынан бастап кетті.

Қала әкімінің қаулысымен (13.05.2021 ж. №289) суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген болатын, (Тоғыс су қоймасының «Холодильник», Бадам су қоймасының «Рахат Бадам», Қошқар ата өзенінің бастауы, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл, «Жайлаукөл» демалыс орны (Тұлпар)), оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген.

Тоғыс су қоймасының «Холодильник», Бадам су қоймасының «Рахат Бадам» демалыс орындары және Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен бірге қала аумағындағы 18 бассейндер мен аквасаябақтар жұмыс атқаруда.

Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде адамдардың өлімін алдын алу мақсатында, Департамент аудан әкімдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған 13 орынды анықтады. Бұл бойынша шешім нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде (сайтта 08.06.2022 ж.) жарияланды. (1. Бадам өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары; 2. Сайрам-су өзенінің қала аумағында (Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары; 3. Текесу су қоймасы; 4. Ақжар су қоймасы; 5. Шымкент магистралды каналдың қала аумағында (Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары; 6. Янги-шек каналының қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары; 7. Қарасу өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары; 8. өзеннің бастауын қоспағанда, Қошқар ата өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби аудандары) орналасқан барлық арналары; 9. Қайнарбұлақ жасанды көлі; 10. Азат каналы; 11. Көкбұлақ каналы; 12. Хауау каналы; 13. Сасық каналы).

Департамент жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында, қала аумағында орналасқан бассейндер мен аквасаябақтардың басшыларымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел өткізіліп, оларға міндеттері және демалушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілігі түсіндірілді. Аквасаябақтардың ерікті құтқарушыларына жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары суда құтқару, алғашқы көмек көрсету бойынша үйрету сабақтарын өткізді.

Back to top button