Шымкент: Биыл егіс көлемінен 90,1 мың тн. өнім жиналады деп күтілуде

Биыл Шымкентте ауыл шаруашылығы дақылдары 30,0 мың га егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 0,7 мың га артты. (жоспар – 29,8 мың га). Атап айтсақ дәнді-дақылдар-13,0 мың га, жүгері-0,1 мың га, майлы дақылдар-3,6 мың га, мал азықтық дақылдар-9,6 мың га, картоп-0,4 мың га, көкөніс және бақша дақылдары-3,4 мың га.
Егіс көлемінен ағымдағы жылы 90,1 мың тн. өнім жиналады деп күтілуде. Бүгінгі таңда 7,8 мың тонна көкөніс және 10,1 мың тонна мал азықтық шөп жиналды.
Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер астық тұқымдарымен толық қамтамасыз етіліп, егіс науқанына ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 93% құрады.
Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінетін жанармайды таратушы операторлар анықталып, көктемгі дала жұмыстарына шаруалардың өтінімдеріне сәйкес жеңілдетілген бағамен литріне 189-теңгеден босатылуда (көктемгі-1000 тн., күзгі-1000 тн.). Бүгінгі күнге дизель отынының нарықтағы бағасы 220-230 теңге/л.
2022 жылы өнімділікті арттыру мақсатында:
– минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына – 122 146,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 32,1 мың тонна тыңайтқыш субсидияланды.
– тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда бірінші ұрпақ будандарының 141,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.
– пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12%-артық (2021ж.-128,0 млн.тг.).
Сондай-ақ, биыл Шымкентте кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 9 916,6 мың теңге қаржы қаралды. Ағымдағы жылдың көктем және күз мезгілдерінде 33 504 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктердің аумағын, 2 272 680 шаршы метр өзендер мен каналдар аумағын залалсыздандыру жоспарлануда.
Көктемгі кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қоқыс-жәшіктер мен өзен-каналдардың аумағы кеміргіштерге қарсы залалсыздандырылды. Аталған жұмыстар көп қабатты тұрғын үйлердің, өзен-каналдардың аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізіледі.
Айта кетейік, жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. Көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындарының назарына кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді бүлдіршіндердің ұстамауы мен үй жануарлары жеп қоюдан абай болу керектігін ескертеміз.



