BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Еңбекші ауданында халықтың 96,5 % электр жарығымен қамтылған

Еңбекші аудандағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 96,5%, жекеменшік жүйе 2,5%, ал, қамтылмаған 1% (жаңақұрылыс учаскелері) құрады. Жалпы абонент саны – 66 283.

Ауданда 10 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі және қамтылмаған    3,5%-ды  сапалы электр жүйесімен қамту мақсатында мердігер мекеме «А Мерей и К» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.  Жеке меншік – 1643 абонент: Қарабастау-188 аб., Оңтүстік ш/а-380 аб., Қаратөбе-74 аб, Бадам-1-153 аб., Абдуллабад-355 аб., Тұрдыабад-411 аб, Тоғыс-11 аб., Маятас-71 аб. Қамтылмаған – 678 абонент: Бадам-340 аб, Қаратөбе-50 аб, Абдуллабад-129 аб.,    Маятас-22 аб., Айнатас-17 аб.

Бүгінде Абдулабад т/а жұмыстары аяқталу сатысында, Тұрдыабад т/а және «Оңтүстік» ш/а Саяжол, Еңлік гүл көшелерінде құрылыс жүргізілуде. Жоба құны 695 млн.тг. Жыл қорытындысымен сапалы электр қуатымен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарда бар.

Шымкент қаласы Еңбекші аудан аумағындағы 19 шағынаудан мен 16 тұрғын алаптың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтқанда: электр жарығымен 96,5%,  ауыз сумен 94,5%, табиғи газбен 90,7%,  кәріз жүйесімен 57% ға қамтылған.

Еңбекші аудандағы жалпы абонент саны – 66 283. Ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5 %. Қалаға қосылған 6 елді мекеннің (3,4%) жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді. Атап айтқанда: Қарабастау-1590 аб., Жұлдыз-484 аб., Қаратөбе-144 аб., Тоғыс-61 аб., Жыланбұзған-16 аб., Айнатас-17 аб.  Жалпы 2312 абонент. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Жоба құны – 1,7 млрд.тг. Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында – 340 учаске (3 үй), Оңтүстік-Жаңақұрылыста – 989 учаскеге (15 үй) жобалау сметалық құжат 2023 жылы әзірленеді.

Жаз мезгілінде тұрғындар суды шамадан тыс пайдалануына байланысты (бау-бақша, көлік жуу т.б) Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз су тапшылығы орын алуда. Аталған елді-мекендерде ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында Базарқақпа және Тоғыс тұрғын алаптарынан қосымша ұңғыма қазу жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і бастады. Ауыз су құрылысы 2023 жылға өтпелі болғандықтан, Қарабастау, Жұлдыз тұрғын алаптарының жаңақұрылыс аймақтарында құрылыс жұмыстары келесі жылға жоспарланған.

Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтқанда: электр жарығымен 96,5%,  ауыз сумен 94,5%, табиғи газбен 90,7%,  кәріз жүйесімен 57% ға қамтылған.

 

Back to top button