Шымкент

Қаратау ауданы: Биыл 6 елді мекенде сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкемановтың қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмаларының аудан аумағында іске асырылу барысы төңірегінде өткен баспасөз брифингте мәлім болды.

Спикердің сөзінше, сапалы электр жарығымен қамтылған елді мекендер саны – 21, сапасыз электр жарығымен (жеке меншік) қамтылғаны – 3. Өткен жылы аудан аумағындағы Достық ш/а, Асар-2 ш/а электр жарығымен қамтылды.

Биыл 6 елді мекенде Тұран ш/а, Қайнарбұлақ т/а, Асар-2 ш/а және Достық ш/а, Тассай т/а (ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында), Нұртас ш/а сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, сапалы электр жарығымен қамту көрсеткіші – 97% құрайды.

Аудан аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. Өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар орналасқан 31 көше, ал ағымдағы жылы 39 көше жарықтандырылатын болады. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150 көшені жарықтандыру жоспарланған.

Биыл Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 20 жоба іске асырылды. Нақтырақ айтқанда халық қатысатын бюджет шеңберінде аудан әкімдері тарапынан келесі:

  • Аумақты көгалдандыру;
  • Тротураларды жайластыру;
  • Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  • Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру;
  • Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
  • Қоқыс тастайтын орындарды жою;
  • Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, ураналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
  • Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады.

Қаратау ауданы аумағында 2021 жылы 2 жобаға 77,3 млн.теңге қаралған. 2022 жылы 20 жоба 766,2 млн.теңгеге атқарылған. 2023 жылы 25 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Жалпы аудан аумағында орталық кәріз жүйесімен қамтылған елді мекендер саны – 5. Ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 20. Табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 18. Су алу қаупі бар орындарға және 378 көшеге ирригациялық арық орнатылған. Алдағы уақытта аудандағы мәселер толық шешімін табады.

 

Back to top button