BasNewsЖаңалықтар

Қаратау аудан аумағындағы 35 аулада құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Мемлекет басшысының тапсырмаларының аудан аумағында іске асырылу барысы төңірегінде өткен баспасөз брифингте Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкеманов аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарына тоқталды.

Аудан аумағында 554 көп қабатты үй 192 аулаға біріктірілген. Өткен жылы бюджеттен 1,2 млрд.тг қаржы қаралып, 32 аулаға біріктірілген 53 көп қабатты үй аулалары толық абаттандырылып, 29 ашық спорт алаңы салынды. 2022 жылы 41 аулаға жаттығу элементтері мен ойын алаңдарының құрылысын жүргізу және 10 ашық спорт алаңша салу бойынша бюджеттен                 1,46 млрд.теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда, 35 аулада құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, қалған 6 аула және 10 спорт алаңшаға мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстардың барлығы жыл соңына дейін аяқталады.

Аудан әкімінің сөзінше, биыл Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 20 жоба іске асырылды. Нақтырақ айтқанда  көгалдандыру, тротураларды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу, жарықтандыру, бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын орындарды  жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу. Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады. Ал 2023 жылы 25 жобаны жүзеге асыру жопарланып отыр.

Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. 2022 жылы санитарлық тазалық жұмыстарына бюджеттен 2,2 млрд. тенге қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. 2022 жылы аудан тұрғындарының қатысуымен Шымкент сити, Кеңжарық көшесі бойына және көп қабатты үй аулаларына 2500 түп ағаш көшеті отырғызылды. Аталған жұмыстар көктем-күз мезгілдерінде тұрақты түрде атқарылатын болады.

Ауданда бей-берекет қоқыс жиналуына жол бермеу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, аудан бойынша 2021 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 99%. Аталған көрсеткішті 100 % жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Көп қабатты тұрғын аулаларындағы жалпы 93 қоқыс алаңшаларын ай сайын қызмет көрсетуші мекемелер «Экоспецтранс» ЖШС, «Шымкент спецкомплекс» ЖШС тарапынан айналасы тазаланып, дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Back to top button