BasNewsЖаңалықтар

Шымкент қаласында жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды

Шымкент қаласында қазіргі уақытта 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89% құрайды.

Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі ендірілді. Бұл жүйенің артықшылығы -төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға таптырмас құрал болып табылады. Қазіргі таңда, сатылған көлік карталар саны 230 мыңнан асады, қосымша сатылымда 70 мың карта бар. Қаламызда өтінімдерді қабылдау және көлік карталарын беру бойынша 2 офис істейді. Күнделікті транзакциялар саны 350 мыңды құрап отыр, оның ішінде  транзакциялардың 85% -ы көлік карталарымен төленеді.

Бұдан бөлек, онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 170 мыңнан асты.

Жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станцияның салу үшін жер учаске бөлінді, инвестор анықталып, құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр.

Қаламызда жолаушылар ағыны жоғары екенін ескере отырып, сыйымдылығы үлкен Ютонг жаңа автобустары бұрыңғы сыйымдылығы орташа Анкай автобустарының орнына келесі маршруттарда қызмет көрсетуде:

– №15 маршрут Таскен шағын ауданына;

– №17 маршрут Тұран шағын ауданына;

– №21 маршрут Құрсай шағын ауданына;

– №113 маршрут Оңтүстік және Нұрсат шағын аудандарына;

– №133 маршрут Ақ Ниет шағын ауданына;

– №158 маршрут Самал шағын ауданы, № 18, 17 шағын аудандарға;

– №182 маршрут Азат шағын ауданына;

Тиісінше, босатылған Анкай автобустары келесі жаңа бағыттарда жолаушыларды тасымалдануда:

– №43  маршрут Сәуле шағын ауданына;

– №54 маршрут Таскен шағын ауданына;

– №66  маршрут Ынтымақ-2 шағын ауданына;

– №71 маршрут Қызылсу шағын ауданына.

Сонымен қатар, Самал, Тұрлан, Нұрсәт мөлтек аудан тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамту мақсатында №6, №51, №67 автобус маршруттары ашылды. Аталған маршруттарда жаңа Ютонг автобустары қызмет көрсетуде.

 

Back to top button