BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Қала аумағындағы еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты

Жыл басынан бері Шымкентте 6 еңбек дауы тіркеліп, тиісті жұмыстар жүргізу барысында қойылған мәселелер шешілді. Қала аумағындағы еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты.

Есепті кезеңде, Үш жақты комиссияның 7 отырысы өткізіліп, әлеуметтік шиеленістерін, еңбек жанжалдарын болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Бүгінде, 2 кәсіпорында 94 жұмыскерге 16 млн.теңге жалақы қарыз қордаланған. – «AN-TRAST SECURITY» ЖШС-де 21 қызметкер алдында 7,9 млн.теңге; – «Rio Med» ЖШС-гі 73 қызметкер алдындағы жалақы қарызы 8,1 млн.теңгені құрайды.

 «AN-TRAST SECURITY» ЖШС-і, «Rio Med» медициналық орталығы» ЖШС-і уақытша жұмыс істемей тұр. Бірақ, берешекті мәжбүрлі түрде өндіру үшін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы»                      ҚР заңына сәйкес іс құжаттары жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына жолданып, сот орындаушылар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бақылауда.

Жалақыны дер кезінде төлемеу бойынша «AN-TRAST SECURITY» ЖШС-нің (әрі қарай – Серіктестік) басшысына қатысты қылмыстық іс қозғау жөнінде Қалалық полиция департаментіне ұсыныс жолданып, аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ, жеке сот орындаушыларымен Серіктестікте борышкер «СПИК Аккорд» АҚ-ның мүліктеріне бұғаттау шаралары қолданылып, Бетон төсегіш арнайы техникасы сатылымға шығарған. Аукцион аяқталуына орай сатылымнан түскен қаражат Серіктестіктің алашағына бағытталатын, сәйкесінше Серіктестік жұмыскерлері алдындағы жалақы берешегін өтеуге жұмсайтын болады.

– «Rio Med» медициналық орталығы» ЖШС-нен (әрі қарай – Орталық) берешекті өндіру мәселесі Үш жақты комиссия отырысында қаралып, жалақы берешегінің пайда болуына COVID-19 салдарынан пандемияның өршу кезеңінде орталықтың арнайы рұқсат құжатынсыз жұмыс істеуі себеп болуына байланысты төлемдерді шешу жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылған болатын.

Орталық тарапынан Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-нан берешекті өндіру бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз беріліп, талап арнайы рұқсат құжатынсыз жұмыс істегендіктен қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сот шешіміне апелляциялық шағым келтіріліп, сот өндірісіндегі іс бойынша 2022 жылдың 19 шілдесінде сот алқасымен бірінші отырысы өткізілген, келесі сот отырысы 2022 жылдың 2 тамызына белгіленген.

Сондай-ақ, есепті кезеңде тексерулер барысында 33 кәсіпорында 1 304 жұмыскерлердің 213,3 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен өтелді.

Back to top button