BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: «Vision zero – нөлдік жарақат» тұжырымдамасына қаламыздағы 140 кәсіпорын қосылды

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2022 жылдың 6 айында  атқарған жұмыстарының есепті кезеңінің мәліметінше қаламызда 12 жазатайым оқиға орын алып, оның ішінде топтық жазатайым жағдайлары – 2, жалпы 23 адам зардап шекті. Оның ішінде: қайтыс болғандар – 6, ауыр жарақат алғандар – 13, жеңіл жарақат алғандар – 4. Тергеу материалдары іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданған.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берілген. Бүгінгі күнге қаламыздың                18 кәсіпорын жобаны енгізді.

Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero – Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 140 кәсіпорын қосылды.

Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, жыл басынан бері зиянды және қауіпті 43 жұмыс орындарына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді, жалпы 482. Сондай-ақ, қаламыздағы 112 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген. Өңіріміздегі 3 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.

Айта кетейік, басқарма тарапынан, еңбек сақтау заңнамасының бұзылу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 684 арыз-шағымдары мен өтініштері заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптары берілді. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен – 154 тексеру жүргізіліп, 179 заң бұзушылық анықталды (оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша – 149, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 23, жұмыспен қамту – 7), бұзушылықтардың негізінде – 76 нұсқама беріліп, анықталған бұзушылықтардың 145-і жойылып, заңнамаға сәйкестендірілді. Аталған бұзушылықтар бойынша 15,5 млн.теңгеге 58 айыппұл салынып, оның ішінде 6,1 млн.теңге сомасына 43 айыппұл өндірілді.

Back to top button