BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Қайтарымсыз мемлекеттік грант алған 157 азамат халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар

Биыл Шымкентте жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында 400 АЕК көлемінде (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз мемлекеттік грант 1 150 азаматқа берілу жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың сәуір айында business.enbek  порталы арқылы азаматтар 14 күн бойы өтінім беріп, нәтижесінде 437 өтінім қабылданып, оның комиссияға ұсынылғаны-336, ал тиісті санаттарға жатпайтындар саны-101.

Комиссия қаралымына қатысқан 336 азаматтың 226-ның бизнес-жоспарлары мақұлданып,110-ны кері қайтарылды. Оң нәтиже алған 36-сы жастар санатынан болса, ал 157-сі халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар.

Ендігі ретте, соңғы уақыттарда азаматтар тарапынан қайтарымсыз мемлекеттік грантты алып беру, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу бойынша алаяқтық фактілері жиіледі. Олай дейтініміз, азаматтардан жоғарыда көрсетілген мемлекеттік шараларға тарту мақсатында алаяқтар қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының атымен жамылып, мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, нәтижесінде бірқатар қала тұрғындары алданып, жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, аудандық ішкі істер бөлімшелеріне арыздарын жазуда.

Осыған орай, қала тұрғындарын аталған іс-әрекеттерге бармауға, алаяқтықтарға алданбауға шақырамыз. Егер де, сенімсіздік, немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз құзырлы органға (1424 Адалдық алаңы) болмаса жұмыспен қамту басқармасына (27-74-31) шағымдансаңыздар болады. Бұл мемлекеттік шаралар ақысыз және қолжетімді екендігін назарларыңызға салғым келеді.

Биылғы жылдың шілде айының 25-нен бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жаңа форматта қолжетімді болады. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған азаматтар Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды ала алады.

Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталда тіркелу, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет. Шарттарға сәйкес болған жағдайда қатысушы Skills.enbek.kz платформаға өтіп, оқуға кірісе алады. (ЭЦҚ болуы шарт)

Онлайн курсының қатысушылары бола алады:

1) жұмыссыз мәртебесі бар азаматтар;

2) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;

3) зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер;

4) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер;

5) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, тұлғалар және төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Back to top button