BasNewsЖаңалықтар

Шымкент қаласында «SIFRO» және «ROBOPARK» бағдарламалау мектептері тұрақты түрде жұмыс істеуде

IT-саласында адами капиталды дамыту бағыты бойынша Шымкент қаласында 2 заманауи IT бағдарламалау мектептері ашылып, тұрақты түрде жұмыс жасауда. Олар «SIFRO» және «ROBOPARK» бағдарламалау мектептері. Қазіргі таңда, бағдарламалау мектептерінде қала тұрғындары Web сайттарды әзірлеу, IOS және Android платформаларында бағдарлама әзірлеу сынды бағыттарда білім алуда.

Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов цифрландыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту саласында атқарылған жұмыстар мен  2022 жылға арналған жоспардың орындалу барысымен бөлісті

Инвестор есебінен ақылды тақта орнату. Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындарды өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы қала орталығындағы көшелерге  22 дана (одан әрі 50 данадан астам) ақылды тақталар инвестор есебінен орнату жоспарланды. Қазіргі уақытта ақылды тақталар орнатылатын жерлер анықталды. Келісім-шарт Заң талаптарына сәйкес әзірленіп, қол қою сатысында.

Интеллектуалды жол қозғалысын басқару ITS. ITS – ірі қалалар үшін интеллектуалды жол қозғалысын реттеу жүйесі. Жүйе ірі қалалардағы жол қозғалысын тиімді реттеу үшін ақылды бағдаршамдардың мүмкіндіктерін бүкіл қалада трафикті оңтайландырудың дамыған жүйесімен біріктір ұсынылды. Қазіргі таңда қаламыздың 283 бағдаршамының 3 данасында ғана аталған зияткерлік жүйе орнатылған.

Өткен жылы қаладан шалғай орналасқан 14  шағын аудан мен елді мекенге базалық станция орнатылып, 136 000 жуық қала тұрғыны сапалы интернетпен қамтылған болатын. Ағымдағы жылы, мобильді байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 12 елді мекеннің координатасы келісіліп, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылып, инвесторға ұсынылды. Бүгінде инвестор тарапынан Ақниет, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20-жыл, Азат, Тұран, Асар елді мекендерінен анықталған жер телімдерін қазу, бетон құю және антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары атқарылуда. Ал, жеке нысан иелерімен келісу арқылы Елтай, Тоғыс, Маятас және Бозарық елді мекендеріне базалық станция орнатылып іске қосылды. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылса, 71 000 жуық қала тұрғындарын сапалы мобильді интернетпен қамтылып, жыл соңында сапалы интернетпен қамту үлесі 95%-ға жететіндігі жоспарлануда.

Одан бөлек, Қазақтелеком АҚ-ның бағынысты мекемесі «Востоктелеком» ЖШС мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде қосымша 20 елді мекенге базалық станция орнату жоспарланып, онда жаңа технологиямен антенна-мачталық құрылғылар орнатылатын болады. Бүгінде, 20 елді мекеннен бос жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы, 15 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жоспарға енгізілді. Бүгінде, инвестор тарапынан Самал-3, Забадам, Қазығұрт, Құрсай, Қарабастау, және Солтүстік – Батыс елді мекендерін толық талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан Қызылжар мен Ақниет елді мекендерін оптика желісімен қамту жұмыстары атқарылуда.

Тиісті жұмыстар атқарылса жыл соңына дейін 165 303 қала тұрғындарына сапалы интернет қолжетімді болады

Back to top button