Шымкентте биылғы жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы шеңберінде биылғы жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, жыл басынан бері 10 395 азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандығы туралы айтты.
Сонымен қатар, ұлттық жоба шеңберінде 1 632 жұмыссыз азаматтар жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жолдануда. Аталған ақысыз оқу мерзімі 3 ай. Білім алушыларға ай сайын 20 948 теңге шамасында шәкіртақы төленеді.
– Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша ағымдағы жылы 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 226 азаматқа 400 АЕК көлемінде грант берілді. Ал, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 4 819 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетіледі.
Бүгінгі күнге әлеуметтік жұмыс орындарына – 123, жастар практикасына – 1 295, ақылы қоғамдық жұмыстарына – 2 221, «Алғашқы жұмыс орны жобасына – 214, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына – 6, ал «Күміс жас» жобасымен нақты – 7 адам жұмысқа орналасқан, – деді спикер.
Жыл соңына дейін 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру көзделсе, қазіргі уақытқа дейін 5700 адам тұрақты жұмысқа орналасып отыр.
Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2022 жылға 24 196 жұмыс орыны (тұрақты -14 517, уақытша – 9 679) құрылатыны жоспарлануда. Оның ішінде ұлттық жобалар бойынша 8 612 (5968 уақытша, 2644 тұрақты) жұмыс орыны, 15 584 орын жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары (жекеменшік есебінен іске қосылатын жеке меншік бала бақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана және басқада қызмет көрсететін ұйымдар) (3711 уақытша, 11873 орын тұрақты).
2022 жылдың маусым айына 15 118 орын ашылған (62,5%). Оның ішінде 12 003 – тұрақты жұмыс орындары, 3 115 – уақытша жұмыс орындары.
Айта кетейік, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 5 бағытта жұмыс істейді: Халықты жұмыспен қамту;Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау; Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету; Азаматтық құқықтық актілерін тіркеу; Көші-қон мәселесі және оралмандармен жұмыс жасау. Басқармаға қарасты 14 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет атқарады.



