BasNewsЖаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі әлемнің 20-дан астам еліне бармауға кеңес берді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирус тараған елдерге бармауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен біздің азаматтарымызға Қытайға, сондай-ақ коронавирус инфекциясы бар науқастар тіркелген әлемнің 23 еліне бармай-ақ қоюға кеңес беремін. Жалпы, біз осы кезеңде қажетсіз халықаралық сапарларды шектеуді ұсынамыз», – деді Елжан Біртанов ОКҚ өткен брифингте.
Ол Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан барлық шаралар ДДҰ ұсынымдарына толық сәйкес келетінін мәлімдеді.
«Біріншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирус инфекциясының елге еніп, тарауына жол бермес үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Үкімет жанынан ведомствоаралық штаб құрылды», – деді министр.



