Шымкент: Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы кадрларды қолдау мақсатында резидентураға оқуға 87 жолдама жоспарлануда

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар мен қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде өткен брифингте мәлімдеді.
- Алты ай ішінде 2 938 медициналық қызметкерлер шет елде және республика орталықтарында біліктілігін арттырған. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылды. Бұл мобильді топ дәрігерлері тәуекел тобындағы балаларды уақтылы анықтау, оларды стационарлық емдеуге жіберу жұмыстарымен айналысады. Кадр тапшылығы – 76, негізгі қажет мамандар – неонатолог, реаниматолог, гематолог, иммунолог, сурдолог. Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы кадрларды қолдау мақсатында резидентураға оқуға 87 жолдама жоспарлануда.
Қазіргі таңда қалада денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты 33 медициналық ұйымы бар. Оның ішінде 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар (Диагностикалық орталық,медициналық колледж, қан орталығы, ЖЖС, балалар үйі, СПИД орталығы) бар. Қалада тәуліктік 4 125 төсек-орын күндізгі стационарда 1 959 төсек-орын бар. Шымкент қаласында 4 760 дәрігер қызмет етеді, Он мың мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10 496 орта буын медициналық маман қызмет етеді Он мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрап отыр.
Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа (№14Емдеу орталығы, Дария Медикус, Саби Мед, Турлан Медикал) медициналық орталық ашылып 50 мың халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар бір дәрігердің жүктемесі 1 616 дейін төмендеді (жоспар 1700-ден аспау).
Медицина саласындағы оң өзгерістерге келсек, қалалық онкологиялық орталықта онкогематология бөлімшесі ашылды, (пэт/кт) орталығы мен сәулелі терапия орталығында (пэт, кт) сызықтық үдеткіш апараттары орнатылды. (КТ және сызықтық үдеткіш қызмет көрсетуде, (пэт) қыркүйектен бастап қызмет көрсету жоспарлануда); 2022 жылдың 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде; Қалалық онкологиялық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханада, қалалық клиникалық балалар ауруханада және Шымкент жүрек орталығында республикалық мамандарымен 8 мастер-класс өткізілді, оған 120 маман қатысты; Жедел медициналық жәрдем станциясында орталықтандырылған симуляциялық орталықта Халықаралық стандарттар бойынша 108 медициналық қызметкерлерге практикалық дәрістер өткізілді.



