Әл-Фараби ауданы: 28 балалар ойын алаңшалары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында орнатылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген.
Биыл 28 балалар ойын алаңшалары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында орнатылды. Жыл соңына дейін көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 22 балалар ойын алаңшалары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында орнатылатын болады.
2022 жылы 9 спорт алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында орнатылатын болады. Сонымен қатар, 9 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2023 жылы 7 спорт алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады.
Әл-Фараби ауданының аумағы 14 380 га жерді құрайды, халық саны жалпы 207 747 адам, ауданында 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады, оның ішінде (қазақтар 130 546 (62,9%), орыстар 28 915 (13,9%), өзбектер 27 670 (13,3%), т.б. ұлт өкілдері 20 349 (9,9%) құрайды.
Сонымен қатар, аудан аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй, 400 аула және 15 170 жеке үй, 15 ұлттық-мәдени орталық, 15 діни бірлестіктер, 73 өндірістік мекемелермен кәсіпорындар, 44 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 13 саябақ, 18 гүлзар, 19 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.
Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр.
Ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8% құрайды. «Сәуле» ш/а. «Жаңабазар» көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту бойынша «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғындарға пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Текесу» елді-мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстары «Жаңару» ЖШС тарапынан басталып ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін тұрғындарға тапсыру жоспарлануда.
«Сәуле» ш/а. 276-орамда электр жарығын орнату жұмыстары «Ақсемсер стройсервис» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда, жалпы жұмыстың 95%-ы атқарылды. Аталған жұмыстар тамыз айының соңына дейін аяқталып, 100% сапалы электр жарығымен қамтылатын болады.
«Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, шағынаудан аумағы 100% табиғи газбен қамтылатын болады. 276-орамынның магистралды табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі жүйелердің құбырларын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, шағынаудан аумағы 100% табиғи газбен қамтылатын болады.



