Шымкент: Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша белсенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев мәлімдеді.
- Ауыл шаруашылық және шаруа қожалықтарымен, тұрғындармен қала аумағында орман – дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша белсенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 80-нен аса жиын, нұсқаулық, дөңгелек үстел өткізіліп, онда 800 жуық адам қамтылды. Өрт қауіпті кезең және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін алдын алу тақырыптарында бейнероликтер мен жадынама парақшаларын әзірлеуге Шымкент қаласының әкімдігінен 19 млн. теңгеден аса қаражат бөлініп, 5100 дана жадынама парақшалары мен плакаттар, 1 бейне ролик әзірленіп, 12 билборд дайындалып, қаланың көшелерінде орналастырылды,- деді А.Бейсембаев.
Спикердің сөзінше, қала аумағында орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын 53 км және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 320,2 сондай-ақ орман алқаптарында 300 км, 377 км егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтар салу жұмыстары жүргізілді. Орман шаруашылық қожалықтары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт- тактикалық оқу жатығу өткізілді.
ТЖ департаменті табиғи өрттерді алдын алу мақсатында қала аумағында орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг жүргізіліп, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Қала аумағында шілде айының 10 күндігінде күнің қатты ысып өрт сөндіру бөлімдері тәулігіне 10-нан аса шығулар жасады, 14 шілдеге дейін 80-нен аса құрғақ шөптің жану оқиғаларына тіркелді.
Орман-дала өрттерін жедел сөндіру үшін жергілікті атқарушы органдар қала аумағында өрт қауіпті кезеңде 42 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылып, жеке құрамында 405 адам, 69 бірлік бейімделген техника және 14 бірлік мотопомпасы бар.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодекстің 336-бабы бойынша (Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау) өрт қауіпті кезең басталғалы бері 8 әкімшілік заңды және жеке тұлғаларға 1 408 980 тенге айыппұл ретінде тәртіптік шарасы қолданылды.



