BasNewsЖаңалықтар

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Президент Әкімшілігінің және Тараз қалалық мәслихатының келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды basnews.kz тілшісі.

Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобиль және автомобиль шаруашылығы» және «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған. Әр жылдары «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі, «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС бас директоры, «Тараз көлік жолы» ЖШС президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-де және «Волковгеология» АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button