BasNewsЖаңалықтар

Алматыда әдейі өрт қойып жүрген адамның өрт сөндіруші екені анықталды

Алматы маңында құрғақ шөптерге әдейі өрт қойып жүрген адам қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі екені анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, 7 қыркүйекте YouTube-тегі каналдардың бірінде видеоролик орналастырылған. ҚР ТЖМ соған қатысты тексеру жүргізген.

«Видеороликте өрт қойғандардың бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Утеулиев деп айтылған. Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Утеулиев. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Ж.Утеулиевті Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі және 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген министрлік хабарламасында.

Мәлім етілгендей, тексеру шаралары барысында Ж. Утеулиев құрғақ шөпті не үшін өртегенін түсіндіре алмаған.

«Себебі ол қатты мас күйде болған. Қазіргі уақытта қызметтік тергеп-тексеру белгіленді», – деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button