BasNewsЖаңалықтар

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасы үш бөлмелі пәтерге ие болады, – деп хабарлайды Вasnews.kz тілішісі Abai Aqparat.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Жарма ауданында құрғақ шөптің жануын сөндіру кезінде болған. Айдостың денесін қатты күйік шалды.

Жергілікті «Фирма Азия» ЖШС марқұмның отбасына «Қарағайлы» шағын ауданынан үш бөлмелі пәтер беретінін жеткізді.

Айдос Тоғызбаев 36 жаста еді. Оның артында бес баласы қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевты үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттауға ұсынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button