BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысында өрт кезінде жоғалып кеткен ер адам бес тәуліктен бері табылмай жатыр

Қостанай облысы Аманқарағай ауылының тұрғыны бес тәуліктен бері табылмай жатыр. Ер адам тұрғындарды эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Валерий Головач жалын үйлерге жақындағанда анасын эвакуация пунктіне жіберіп, өзі мүлкін құтқару үшін қалып қойған. Түнге қарай анасына қоңырау шалған ол үйден кететін, әрі қарай қалу қауіпті екенін айтыпты. Бұдан кейін оны ешкім көрмеген.

«Барлығын қазды, үйде өртеніп кеткен шығар. Мен оны күтемін, бәрібір қайта оралады. Менің күтетінімді біледі, біздің басқа ешкіміміз жоқ. Темір жолға барып көрдім, ол жақта шөп өскен. Барлығын қарап шықтым. Туыстарым да контейнер станциясынан іздеді. «Валера, Валера» деп шақырдық. Еш жерде жоқ. Көлікпен адамдарды эвакуациялаған орталықтарды араладық. Ол жерден де таппадық», – дейді Аманқарағай ауданының тұрғыны Софья Головач.

Полицияға адамдардың жоғалғаны туралы 8 хабар түскен, оның 7-і табылыпты. Қазір іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылған. Олар төңіректі қарап, қағаздарды ілуде. Ал анасы ұлы тірі оралады деп үміттенеді.

«Қазірге дейін Аманқарағай ауылының 56 жастағы тұрғынының қайда екені анықталмады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық жеке құрам жұмылдырылды. Еріктілер де қосылды. Іздеу жалғасып жатыр», – деді Әулиекөл ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Мырзаболатов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button