Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда жаңбыр жауады, ауа температурасы +24…+26 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы – 3-8м/с жетеді. Ал найзағай кезінде екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Бүгін Нұр-Сұлтанда да жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжануда, бірақ елордада Алматыға қарағанда ауа температурасы әлдеқайда төмен, күн +12…+14 градусқа дейін жылынады. Сондай-ақ, синоптиктер астаналықтарға желдің екпіні 9-14, екпіні 15-20 м/с күшейетінін ескертеді.
Шымкентте де жексенбі жаңбырлы болады деп болжанып отыр, бірақ жауын-шашынға қарамастан мұнда күн +23…+25 градусқа дейін жылы болады. Найзағай кезінде жел 8-13 м/с күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.



