BasNewsЖаңалықтар
Алматыда сауда үйіне «бомба» қойылғаны хабарланды
Алматыда Maxima сауда орталығының қызметкерлері мен келушілері «бомба қойылды» деген ақпаратқа байланысты эвакуацияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Maxima сауда орталығының қызметкерлері мен келушілері «бомба қойылды» деген ақпаратқа байланысты эвакуацияланды.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама полицияға 12 қыркүйекі таңғы уақытта түскен.
«Мұндай хабарламаларға бірінші кезекте жауап беру алгоритмі аясында алғашқы кезекте келушілер мен орталық қызметкерлері эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жөнелтілді. Тексеру барысында жарылғыш құрылғы және басқа да күдікті заттар табылған жоқ», – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.



