BasNewsЖаңалықтар
Доллар сәл арзандады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қортыныдысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,25 теңгеге төмендеп,471,99 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 10-12 қыркүйектегі ресми бағамы – 473,35 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 473,79 теңге, сату – 478,07 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 471,95 теңгеден сатып алынып, 476,23 теңгеден сатылып жатыр.



