BasNewsЖаңалықтар

Қызылорда облысында үш ер адам жезөкшелікпен айналысқан

Қызылорда облысында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жезөкшелікпен айналысқан ер адамдар анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы полиция департаменті аймақта адам саудасына қатысты 4 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Олардың 1-і – жезөкшелікпен айналысуға тарту, 3-і – жеңгетайлық деректері.

Рейд шаралары кезінде қоғамдық орында азғындық әрекеттер жасағаны үшін 43 құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар 4 азамат жезөкшелікпен айналысуға арналған нысан ұсынғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек 11 адам есепке қойылды: 1-і жеңгетайлық, өзгелері жезөкшелік үшін, олардың 3-і ер адамдар. Бұл бағытта профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button