BasNewsЖаңалықтар
Доллар қайтадан көтеріле бастады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,40 теңгеге көтеріліп,473,45 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 13 қыркүйектегі ресми бағамы – 471,99 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 473,78 теңге, сату – 478,01 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,07 теңгеден сатып алынып, 477,06 теңгеден сатылып жатыр.



