BasNewsЖаңалықтар
Ер азамат үй тапсырмасын орындамаған ұлын өртеп жіберген
Пәкістанда Назир атты ер адам 12 жастағы ұлын үй жұмысын орындамағаны үшін тірідей өртеген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме бере отырып.
Ер азамат ұлы Шахир ханды тіл алмағаны үшін жазалап, сабағын оқытпақшы болған. Баласының денесіне керосин құйып, сіріңкені қасына апарып қорқытқысы келгенде, май тұтанып, өрт лаулады. Анасы Шазия мен әкесі өртті сөндірмек болып, баласының үстіне көрпе жапқанымен, өрт сөнген жоқ.
Баланың денесі күйіп, ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны аман сақтап қала алмады. Бозбала екі күннен соң жан тапсырды. Шазия күйеуін сотқа берді.



