Жаңалықтар

Шымкент: Техникалық реттеу және метрология комитетінің шымкент қаласы бойынша департаменті 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндады

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы журналистерге Қазақстан Республикасының Əлеуметтік Кодексінің жобасы туралы ақпарттармен бөлісті.

Жалпы Кодекс алты бөлімнен тұрады. Отбасының сандық картасын енгізу; Жұмыспен қамтудың жаңа саясаты; Жаңа көші-қон саясаты; Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары; Арнаулы əлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту.

«Әлеуметтік Кодекс жобасында жұмыспен қамтудың жаңа саясатын іске асыру үшін еңбек нарығын ырықтандыру, яғни, икемді жұмыспен қамту үшін жағдай жасау; жұмыс күшінің біліктілігін арттыру, бұл дегеніміз, жаппай оқыту жəне білім сапасын арттыру; еңбек ресурстарының ұтқырлығын жандандыру; таланттарды тарту көзі ретінде сыртқы көші-қонның жаңа тəсілдерін енгізу; жастардың креативті əлеуетін көтеру арқылы оларды еңбек нарығына тарту және еңбек делдалдығын дамыту, жұмыспен қамтуға жəрдемдесуді күшейту бағытындағы міндеттер мен бастамалар қарастырылған»,- деді Бахтияр Әлтайұлы.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Шымкент қалалық филиалының жетекшісі Д.Тиллабеков Əлеуметтік Кодекске отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілетіндігі туралы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталғандығы жөнінде айтып өтті.

Баспасөз мәжілісі барысында сөз алған «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Қ.Керимов жалпы азаматтардың және жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы өмірді сақтандыру келісім-шартының міндеттерімен таныстырды. Ол әрбір жұмыскердің өмірі мен қауіпсіздігі жұмыс беруші тарапынан сақтандырылуы міндетті екендігін атап көрсетті.

Шымкент қаласының тұрғындары еңбек және әлеуметтік қорғау саласына қатысты сұрақтары бойынша Диваева к. 148 орналасқан ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаментіне немесе әлеуметтік төлемдер бойынша 32-46-95, мүгедектікті белгілеу бойынша 32-48-66 сымтетіктері хабарласа алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button