BasNewsЖаңалықтар

Ресей мен Қазақстан шекарасында бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болды

Әлеуметтік желі қолданушылары Ресей мен Қазақстанның шекарасындағы кептелістерді видеоға түсірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Уральская неделя» басылымының мәліметінше, бұл видео Батыс Қазақстан облысындағы Маштаково – Сырым шекара бекетінде түсірілген.

Ресейдің Озинки елді мекеніндегі Батыс Қазақстан облысына кіру бекетінде де жол кептелісі бірнеше шақырымға созылған. Видео авторының сөзінше, кезекте тұрғанына 10 сағаттан асқан.

Шекарадағы жол кептелісі туралы видео «Наша газета» басылымына да келіп түскен. Видео авторы Троицк қаласында да кептелі пайда болғанын айтады. Алайда пікір жазған адамдардың сөзінше, бұл бекетте бұған дейін де мұндай кептелістер болып тұрған көрінеді.

Мына суреттен адамдар шекарадан жаяу өтіп жатқанын да аңғаруға болады.

Одан бөлек, Тelegram-да адамдар бір-біріне кеңес беріп, көмектесіп, Қазақстандағы бизнес туралы бөлісетін топтар пайда болған.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланған болатын. Ел билігі резервте тұрған 300 мыңға жуық адамды әскерге шақырмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button