BasNewsЖаңалықтар
«Бір үйір қасқыр Қазақстанға жақындап келеді»

Бірнеше күн бұрын желіде Ресейден Батыс Қазақстанға бір үйір қасқыр жақындап келе жатқаны туралы видео тараған еді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Бұл видео шындыққа жанаспайды. Видеода үй малы немесе жабайы жануар болуы мүмкін. Біреу жалған ақпарат таратып жатыр», – деп жазды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында.
Ол Батыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мониторинг жұмысын жүргізіп жатқанын жеткізді.
Баспасөз хатшы жалған ақпарат тарату үшін Қазақстан заңнамасында жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.



