BasNewsЖаңалықтар

Toyota Ресейдегі зауытын жабады

Жапониялық автоөндіруші Санкт-Петербургтегі зауытын жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бірнеше ресейлік БАҚ, сондай-ақ «Осторожно, новости» Telegram-арнасы жазып жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, бұл туралы арнайы жиында қызметкерлерге хабарланған.

«Біздің ақпаратымыз бойынша, оларға бұл шешім Ресей Федерациясында қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданғаны айтылған. Бұл ретте зауыт басқа брендпен жұмыс істей алмайды, сондықтан жабылады», – деп жазады Telegram-арнасы.

Жұмыстан шығар алдында қызметкерлерге 12 айлық жалақы төленетіні атап өтілді. Зауыт жұмысшыларының жиналыстары таңғы 9-дан бастап шағын топтарда өткен. Келесі аптадан бастап оларға келісім жіберілетіні айтылды. Көктемнен бастап зауыт тоқтап тұр, жұмысшыларға жалақысының үштен екісі төленген. Қазір басшылық «жұмыс берушінің кінәсінен бос уақытты жариялау туралы» бұйрықтың орындалуын тоқтата тұру туралы құжат берді.

Сондай-ақ, ақпарат көзінде кәсіпорын жақында жабылатынын растайтын құжаттар болған.

Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты 2007 жылы ашылған. Кәсіпорында Camry және RAV4 модельдерін өндірудің толық циклі ұйымдастырылған.

Back to top button