BasNewsЖаңалықтар

Павлодар қаласында 15-жасар жасөспірім терезеден құлап кетті

2022 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында Павлодар қаласының полициясына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғандығы туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән – жайы мен себептері анықталуда», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Back to top button