BasNewsЖаңалықтар
Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға сотталды
Елордада Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Іс Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралды.
«Күдікті Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар оның жеке мүлкі тәркіленеді», – деді судья Нұрлан Баяхметов сот отырысында.
Еске салсақ, биылғы 15 наурызда елорда соты Қайрат Сатыбалдыны қамауға алу туралы шешім шығарды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай сот кезінде прокурор күдікті Қ.Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.



