BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы тағы 2,5 теңгеге арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы 2,5 теңгеге төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,48 теңгеге төмендеп, 477,37 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 24-26 қыркүйектегі ресми бағамы долларға 479,42 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 479,81 теңге, сату – 484,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,44 теңгеден сатып алынып, 479,68 теңгеден сатылып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button