Жаңалықтар

Республикадағы үшінші мегаполис — туризм саласына креативті экономика индустриясы қосылған бірінші басқарма

Қала әкімінің жеке қолдауымен Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасына креативті индустрия функциясы берілді.

Бүгінгі таңда қала бойынша креативті индустрия нарығында 3 513 кәсіпкер жұмыс жасайды, бұл белсенді шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің 4,26%-ын құрайды.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген арнайы тізбеге сәйкес креативті индустрия саласына 11 бағытта 56 ОКЭД енгізілді. Осы орайда, креативті индустриядағы бизнеске қалай қолдау көрсету керек екендігін түсіну үшін қадамдық жол картасы жасалды. Оны, ең алдымен, қаламыздағы креативті экономика нарығын сараптаудан бастады. Креативті индустрия субъектілеріне барып, жеке кездесіп, өзекті мәселелерді айқындап, өзімізге әлеуетті 3 бағытты анықтап алды, олар:

  1. Кино, анимациялық фильм өндірісі және музыка, салада ресми түрде 125 компания жұмыс жасайды;
  2. Дизайн және сән, қала аумағында бұл бағытта қызмет көрсететін 99 ұйым тіркелген;
  3. Қолөнершілік, Шымкент қаласы бойынша жеке және отбасымен бірге қолөнер бұйымдарын әзірлейтін 65 қолөнерші бар.

Жоғарыда атап өткенімдей, біз бұл бағыттағы кәсіпкерлермен кездесіп мемлекеттік қолдау көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда «Іскер қала» кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы аясында  1%-бен кредит алу мақсатында бірқатар кәсіпкер «СПК «Shymkent»-тің фронт-офисімен жұмыс жасауда.

Басқармадағы басымды бағыттардың бірі – сыртқы байланыстарды нығайту. Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік әлеуетін таныстыру мақсатында сыртқы байланыстарды дамыту бойынша шетелдік дипломатия өкілдерімен және компаниялармен қала басшылығының 17 кездесуі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе Шымкент қаласында Араб Әмірліктерінің Бас консулдығы ашылады. Қазіргі таңда Шымкент қаласында бауырлас қалалардың 10-бар болса, 2022 жылдың соңына дейін қосымша 7 қаламен бауырластық қатынас орнатуды жоспарлап отыр. Оның ішінде: Қытайдың Далянь және Сиянь, Италияның Генуя қаласы, Әзірбайжанның Гянджа қаласы, Литваның Каунас қаласы, Болгарияның Пловдив қаласы, Татарстанның Қазан қалалары.  Бауырлас қалалармен жалпы жобаның құны 1 млрд 999 млн. долларды құрайтын, бірлескен Шымкент қаласында орналасқан іске асқан 18  жобалар бар.       Іске асырылғалы жатқан бірлескен жобалар саны: 3 – дана. Жалпы құны 37.6 млн. доллар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button