BasNewsЖаңалықтар
Семейде бір жарым мыңнан астам «Сергек» камерасы іске қосылады

Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейтін болады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғындары 1 қазаннан бастап жылдамдықты асыру, белгілеуді кесіп өту және бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін айыппұлды электронды түрде ала бастайды. Барлық заңбұзушылықтар бірыңғай орталыққа беріледі.
Айта кетейік, Семей республика бойынша «Сергек» жүйесі енгізілген төртінші қала.



