BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында ұсталған жүргізуші иттің жүк көлігіне қалай байланғанын түсіндірді

Алматы облысы Талғар ауданында полицейлер итті жүк көлігінің артына байлап, сүйреген жүргізушіні ұстаған. Оқиға 25 қыркүйекте болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Көлікке байланған иттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. 1980 жылы туған көлік жүргізушісінің сөзінше, жолда көлігінің бұзылуына байланысты тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде белгісіз біреулер итті көліктің артқы жағына байлап кеткен. Мұны тек өзге көліктер белгі берген соң ғана байқаған. Кейін итті босатып жіберген.
Қазір аталған дерек бойынша Талғар аудандық полиция басқармасында бірнеше құқық бұзушылық бойынша әкімшілік іс қозғалды.



