BasNewsЖаңалықтар
Ресейлік әнші Борис Моисеев қайтыс болды

Ресейлік әнші Борис Моисеев 68 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Өнер иесінің қайтыс болғаны туралы оның көркемдік жетекшісі Сергей Горох хабарлады.
«Оқиға күндізгі сағат екіде өз пәтерінде болды», – деп түсіндірді Моисеевтің көркемдік жетекшісі.
Борис Моисеев – кеңестік және ресейлік әртіс, эстрада әншісі, биші, хореограф, киноактер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, ресейлік музыкалық сыйлықтардың бірнеше дүркін иегері. 1954 жылы 4 наурызда Беларусь КСР-нің Могилев қаласында дүниеге келген.



