Samsung Electronics қазақстандық IT мамандарды даярлауы мүмкін

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Samsung Electronics компаниясының корпоративті президенті Ин Йонг Ри IT мамандарды даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылым саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты.
Іс-шарада Премьер-Министр, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың жетекшілері, отандық және халықаралық сарапшылар болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа технологиялар саласында жетекші ойыншыға айналу ниеті бар екенін жеткізді.
«Қазақстан жаңа технологиялар, криптоэкожүйе, сонымен қатар реттелетін және ашық цифрлық майнинг салаларындағы жетекші ойыншыға айналуға ниетті», – деді ҚР Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңындағы арнаулы ілкі жоба аясында криптовалютаны конвертациялау жүргізіліп жатқанын айтты.



