BasNewsЖаңалықтар
Алматы-Өскемен тасжолында көлік жылқыға соғылып, бір адам мерт болды

Алматы-Өскемен тасжолында жеңіл автокөлік жылқымен соқтығысып, бір адам мерт болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында Toyota Crown автокөлігі жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысқан. Салдарынан көлік аударылған.
27 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір тергеу жүргізілуде.



