Ресей елшісі Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың даулы мәлімдемелерінен кейін СІМ-ге шақырылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей елшісі шақыртылғанын мәлімдеді.
«Бүгін Ресей елшісі Қазақстан сыртқы істер министрлігімен әңгімелесу үшін шақырылады. Қозғалатын тақырып – Ресейлік Мария Захарованың мәлімдемесі. Сондай-ақ, Ресейдің Украина тарапына қойылған талаптар талқыланады. Бұл – жалпы дипломатиялық тәжірибе. Мария Захарованың Украина елшісін Қазақстаннан шығаруға қатысты мәлімдемелері, біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық әріптестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынастарының сипатына қайшы келеді», – деді Смадияров.
Министрлік өкілі Захарованың елшіні қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үндеуіне түсініктеме берді. Оның пікірінше, Вена конвенциясына сәйкес, елші дипломатиялық қолсұғылмаушылыққа ие. Сондықтан жауапқа тарту туралы әңгіме талқыланбайды.



