BasNewsЖаңалықтар

Атырау облысында әйел құрбысының атына тоғыз рет несие рәсімдеген

Атырау облысында құрбысының атына 9 несие рәсімдеген алаяқ әйел ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Түркістанда 8 баланы анасы 70-тен аса алаяқтық іс жасады деп айыпталуда

Облыстық полиция департаменті мәліметінше, Исатай ауданында тұратын тұрғынның алаяқтық қылмыс жасағаны анықталды.

«Исатай ауданының 32 жастағы тұрғыны қаржылық ұйымдар мен банктерден түскен телефон қоңырауынан өзінің 804 мың 993 теңге көлемінде несиесі барын білген. Содан соң полиция қызметкерлеріне шағым түсірген. Полция қызметкерлері осы дерекке байланысты онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық қылмысын жасаған 1991 жылғы тұрғынды ұстады. Тергеу кезінде жәбірленушінің бұрын жеке басын куәландыратын құжатын күдіктіге бергені белгілі болды», – деп хабарлады полицияда.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полиция департаменті тұрғындарға жеке басын куәландыратын құжатын бөгде адамдарға бермеген абзал екенін ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button